哈萨克吧 关注:30,048贴子:1,714,503
  • 9回复贴,共1

诠释TOBET

收藏回复

哈萨克犬在哈萨克语中念作TOBET IT,如何理解TOBET这个单词?我只知道它的近义词是DAW(意为强壮、巨大…就是英语中的giant)


来自手机贴吧1楼2012-02-03 12:57回复

    tobe在哈萨克语中有山丘的意思,tobet可能是跟小山丘一样大的意思吧,巨大的狗狗,哈萨克牧羊犬
    


    2楼2012-02-03 13:06
    回复
      一般在日常用语中Tubet也泛指所有公犬,而母犬称Kanchek


      来自掌上百度6楼2012-02-03 15:19
      回复
        Төбет.....
        Төбеде жатқан ит...сөздің тарихи мағынасын маған Данияр Дәукей әңгімелеп берді – ол өзі ғажап адам, 8 жыл Англияда оқып, Отанына оралып, ата-бабасының ісін әрі жалғастыруда. Ол көп әңгіме айтты, мен сол әңгіме барысын сіздердің назарларыңызға ұсынуды дұрыс деп шештім...
        Сонымен, ТӨБЕТ дегеніміз ортаазиялық овчарканың ежелгі атауы: ТӨБЕ - ИТ.
        Данияр Қазақстанда тұрады, жылқы баптап, қой ұстап, ит өсіреді... Ол Қазақстанда ортаазиялық овчарка тұқымының тазалығын сақтап қалу үшін күресіп жүрген бірден бір жан. Әрине, Қазақстанда неше түрлі клубтар бар, Қазақстан FCI мүшесі, бірақ малшы қауым арасында ит өсіруге ынталанушылар жоқ.
        Ал солай болса, Данияр Дәукейдің кім екендігіне тоқтала кетейік. Даниярдың ата-анасы – геологтар, ол әке-шешесімен бірге 10 жасқа толмай-ақ, Қазақстанның бар аймағын шарлап шықты. Небары 19 жасында Данияр мал қстады, бірақ өзінің айтуынша, ол әлі көп нәрсенің байыбына бара бермейтін еді...
        Алғашқы иті – Жайлау, таудағы жазғы жайылымда, жайлауда табылғандықтан, итті солай атаған. Даниярдың қол астынан 1000-нан астам ит өтті. Жылқы мен басқа малдың санын сұрамай-ақ қойсақ та болады...
        «Дәулетті де дербес адамға мұндай тынымсыз шаруаның қажеті қанша?» деген сауал еріксіз туындайды. Оның жасы 35 –те ғана…
        


        7楼2012-02-03 19:48
        回复
          Даниярдың айтуынша, ол үшін Отан мен отандастарының әл-ауқаты мәселесі Монте-Карлодағы, не болмаса Вегастағы казиноға қарағанда әлдеқайда маңызды...
          Әр жаңа жыл сайын ол 70-тей итті іске жаратпай тастайды. Үстіміздегі 2010 жылы ол 100-ден астам итті санаттан шығаруды жоспарлап отыр. Бұлар – метистер, дұрыс жұмыс істемейтін иттер. Санаттан шығару дегеніміз атып тастау емес... Ол – мұндай да иттері жоқ басқа шопандарға оларды тарату... Биыл Даниярдың байқауынша, иттер ірілеу және сапалы болып шақты, сондықтан 100 итті таратуға болады.
          Бізге Даниярдың бойындағы айрықша ашықтығы аса ұнады... Тұқымның Қазақстанда жойылуына метизацияның тікелей әсер еткенін ең алғаш айтқан адам.
          Оны былай қойғанда, ол Қазақстанда заңды түрде 100 жылдай жүргізіліп келе жатқан метизация мысалдарын келтірді.
          Даниярдың Азияда ортаазиялық овчаркалардың көбеюі мен таралуы туралы көзқарасы ұнады....
          Тұқымның шығу тегі және атауы
          Даниярдың айтуынша, бұл иттің Азиядағы алғашқы атауы – Қазақы Ит – болған.
          Кейін өршіл түрікмен халқы бұл тұқымды "Түрікмен Алабайы" деп атап алаған. Ал қазақтар бұл итті әрқашан "төбет" атаған – төбедегі ит...
          Бүгінгі ОАО (ортаазиялық овчаркалар) саны, негізінен, Түрікменстан мен Оңтүстік Қазақстаннан шыққан, өйткені кеңес билігінен қашқан бай қазақтар осы жерлерге мал-жанымен, иттерімен бірге ауып келген.
          


          8楼2012-02-03 19:48
          回复
            Түрікмен жерінде осы күнге дейін мал бағумен, негізінен, қазақтар айналысып келеді. Түрікмендер өз араларында осы итті төбет деп, ал бөтен елге алабай деп атайды. Бір түсті итті "шұбар, әр түсті...." деген мағынаны білдіретін «ала» сөзімен қалай «алабай»ии деп атауға болады? 50-ші жылдарға дейін төбеттер қазақ даласының – оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс – барлық өңірінде болған. Ұлы Отан соғысынан кейін қаңғырған иттерді жаппай атты, олардың арасында төбеттер де бар еді. Осыдан кейін – Шығыс Еуропа овчаркасымен будандастырылып, әсіресе, Байқоңыр маңайында, соның салдарынан мутанттарға дейін пайда болған.
            Кейінгі Ауыл шаруашылық министрлігінің "Бір отарда 3 иттен көп артық болмасын" деген есуас бұйрығы да авторға белгілі. Түпікменстан, немесе Түркістан ол кездері жартылай кеңес республикасы болған, географиялық жағынан ол Ресеймен шекаралас елдердің қатарына кірмейтін. Сондықтан да бұл жерлерде бұрынғы тұрмыс салты бұзыла қоймаған және Кеңес Одағы заңдарының күші көбіне жүре бермейтін. Сонымен қатар түрікмен халқы табиғатынан көненің сақшысындай, сондықтан да олар төбет тұқымын сақтап қалған. Кейінірек иттерді таластыру ойындары басталғанда, бұл тұкым қайта жаңғыра бастады.
            


            9楼2012-02-03 19:48
            回复
              Кейін бұл иттерді Ресейде, Украинада, Белоруссияда өсіре бастады.
              Данияр осы елдердің халқына тұқымның генофондын сақтап қалғандары үшін үлкен ризашылығын жасырмайды.
              Бірақ Данияр Дәукейдің айтуынша, түрікмендер қойшы итті емес, таластыруға арналған иттерді өсірген. Ақ түсті иттерді селекциялау – таласатын иттермен шағылыстыру болып табылады.....осының нәтижесінде, тұқымның түрікмен түрі – метистер – пайда болды дейді Данияр... Мұндай тқжырымның негізінде не жатқанын қадағалап сұрауды жөн көрмедік.
              Мен тек Даниярдың ата-баба мұрасы туралы білімнің молдығына және ОАО өсіретін көптеген адамдармен жиі араласатындығына сүйеніп, ТӨБЕТ тұқымына деген дұрыс көзқарасына өз басым шексіз сенемін. Даниярдың хаттарынан:"Менің түсінуімше, Төбет ОАО-ның барлық ресми стандарттарына сәйкес келеді. Бұл стандарттар өте дұрыс, мен олармен толығымен келісемін. Көрмелерде жеңетін иттер жақсы тұқымды жұмысшы иттерді туады. Өйткені бұл стандарттар өте дұрыс, тағы да қайталаймын. Қазақтар бұл итті ТӨБЕТдеп атайды, қазіргі таңда осы итті ОАО деп атап алған. Алабай деген тұқым ешқашан да болмаған, Ала деген көп тараған иттің аты бар, түсі түрлі иттерге «ала» сөзін тіркестіріп айта береді, Ала бай, Ала хан, Ала ша (джа), Ала ш, Ала бас. Алабай деген атауды түрікмендер шығарып алған, өз араларында бұл итті олар "ҚАЗАҚЫ ИТ" деп атайды. Кеңес Одағындағы тұңғыш көшеттіктің де "Қазақы Ит" деп аталуы да бекер емес. Себебі осы көшеттікке иттерді сатып алушылар иттердің тұқымын сұрағанда, жергілікті түрікмендер оларға Қазақы ит деп айтқан. Сондықтан да мен Төбет деген атауын қолдаймын, ал басқалардың қалай атайтындығын араласа беруге, өкінішке қарай, менің хақым жоқ". "Ал түрікмендердің тұрмыс-тіршілігі қазақтардан ерекше, өйткені Қарақұм шөлінің үлкен бөлшегі мал бағуға 


              10楼2012-02-03 19:48
              回复
                жарамайды. Өздерініз білесіз, Түрікменстан жерінің 80 пайызы құмнан тұрады, ал 15 пайызы Маңғышлақ түбегі, бұл жер тек түйе бағуға ғана жарамды. Қалған 5% жерде ғана басқа мал өсіруге болады. Байқап көрсеңіз, Түрікменстандағы барлық қалалар Қаракұм шөлін жағалай орналасқан. Түрікмендер жауынгер халық болған, сонымен күнін көрген. Үй басына бір-екі жылқы, 5-7 қой, бір сиырдан ғана болған және осы кішігірім шаруашылық өзімен бірге қорасында ұсталған. Түрікмендердің тұрмысы сол замандардан бері көп өзгере қоймаған, сол қалпында десе де, болғандай. Олай болса, бүкіл ТМД елдерінде жырға айналған атақты иттері қайда жоғалып кеткен?! Өйткені түрікмендер оларды бұрынғы тұрмысында ұстамаған, оларды тек иттерді таластыру ойындары басталғанда ғана асырай бастаған!!! Қазірге дейін олар иттерін қамауда ұстайды!!! Ринг (ұрыс алаңы) жасап қойған!!! Осыны тұқымның дамуы деп қарауға болады ма?! Ал бізде олар өздігінен дамуда, өйткені біздің тұрмысымыз – мал бағу, әрине, бұрынғыдай емес, дегенмен де, мал шаруашылығы негізгі шаруашылықтардың бірі болып келеді. Жартылай көшпелі тұрмыс деп те айтуға болады!!! Мен айтып едім ғой иттер іріленіп келеді. Бізде табиғи таңдау өткізетін – қасқыр!!! Нағыз төбет еместерін жеп қояды!!! Қазақ халқы алабай деген ит түрін 80 жылдары түрікмендердің ойдан шығарғандығын, алабай дегеніміз өзіміздің төбет итіміз екендігін бүгінгі күнге дейін білместен, сол аңыздағы итін іздеп аңсап жүргені тіпті қынжылтады. Сондықтан біз малшы қауымды күшік сатып аларда жаңылыспауын қалаймыз. Осылайша, күннен күнге күзетші иттердің санын көбейтеміз деген үміттеміз. Алла разығын берсін!!!"
                


                11楼2012-02-03 19:48
                回复
                  Қазақстандағы будандастыру туралы....
                  Қазақстан Кеңестік Орта Азияның ең дамыған республикасы болған. Байқоңыр кғарыш алаңы салыну кезінде КСРО ІІМ мен Кеңес Армиясы күзетші иттердің көмегімен өте мықты күзет зонасын ұйымдастырған.
                  Бұл зонада иттердің небір түрлері болды... ШЕО – кеңестік дәуірдегі ең басты тұқым – көш басында болды. Сонымен қатар олардың арасында кавказдықтар, кеңестік офицерлердің басқа да аңшы ит түрлері болды.
                  Данияр мұны теріске шығарып отырған жоқ, керісінше фотоматериалдарды көрсетіп, дәл солай болғандығына көз жеткізіп отыр. Осы будандастыру мәселесінің тереңдеп кеткенін Даниярдың фотоматериалдарынан көруге болады.
                  


                  12楼2012-02-03 19:48
                  回复
                    回复7楼:多谢,以上文段出自何处?


                    来自手机贴吧14楼2012-02-03 23:21
                    回复